22.11.2024 | 18:08
Бөлісу:
«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» ЖОБАСЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?
Семсерлесуден ҚР-ның Мемлекеттік жаттықтырушысы Тимур Байтасов өз спортындағы атқарылып жатқан жұмыс жайлы тарқатып айтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Толық нұсқасы:
Айта кетейік, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы Қоғаммен байланыс бөлімінің «Мемлекеттік жаттықтырушы» жобасы қарашада бастау алды. Осы аралықта Азамат Әлиев (шорт-трек), Аслан Игубаев (бокс, ерлер), Дәулет Сұлтанбеков (каноэ мен байдарка), Меңдіхан Тәпсір (ауыр атлетика) туралы саны көрерменге жол тартты.
Жобаның мақсаты – әр спорт түрінде мемлекеттік саясатты жүргізетін, жыл сайынғы жұмыс күнтізбесін бекітуге тікелей атсалысатын мемлекеттік жаттықтырушыларды көпшілікке көрсету. Олардың қызметінің маңызын және салада қандай проблемалар барын жанкүйерлерге маманның көзқарасымен жеткізу.
Алдағы уақытта Олимпиада бағдарламасына кіретін (қысқы, жазғы) спорт түрлеріндегі 10-нан астам мемлекеттік жаттықтырушы туралы жаңа саны шығады.
Сұхбаттарды Дирекцияның әлеуметтік желідегі парақшаларынан (Instagram, Youtube) көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСЕМСЕРЛЕСУ: ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
СЕМСЕРЛЕСУДЕН БІЗДІҢ КОМАНДА 6-ОРЫНДА