01.10.2022 | invalid

Милад Карими Самботхейдегі Əлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Мажарстанның Самботхей қаласында спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының 5-кезеңі өтіп жатыр. Бүгін Милад Карими еркін бағдарламада күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық гимнаст тек украин спортшысына есе жіберді.

Айта кетейік, бұл сында тағы Нариман Курбанов, Ілияс Азизов пен Дмитрий Патанин өнер көрсетіп жатыр.

Жалпы биылғы Әлем Кубогы 6 кезеңнен тұрады. Қалған соңғы кезең 7-9 қазанда Түркияның Мерсин қаласында өтеді. Сосын таңдаулы атлеттер 29 қазанда Ливерпульде басталатын Әлем чемпионатына дайындалады.

Алдыңғы Парижде өткен 5-кезеңде Нариман Курбанов атта өнер көрсетуде күміс медаль жеңіп алған. Отандасымыз бұл жаттығуда 14.450 ұпай жинады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес