22.08.2024 | 16:36

МИЛАН-2026: ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ОЛИМПИАДА ІРІКТЕУІНЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Астанадағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде Олимпиадаға іріктеу кезеңінің екінші айналымында дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Енді отандастарымыз әрі қарай оқу-жаттығу жиынын Чехия мен Словакияда жалғастырады. Сондай-ақ іріктеу матчтарына қатысатын Қазақстан командасының құрамы белгілі болды.

Қақпашылар: Никита Бояркин (Барыс), Максим Павленко (Рязань-ВДВ), Андрей Шутов (Слован);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр (барлығы Барыс), Дмитрий Бреус (Торпедо), Леонид Метальников (Адмирал), Эдуард Михайлов (Арлан), Валерий Орехов (Металлург), Иван Степаненко (Хумо);

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Дінмұхамед Қайыржан, Максим Мұхаметов, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы Барыс), Руслан Демин (Сарыарка), Артем Лихотников (Хумо), Кирилл Панюков (Амур), Евгений Рымарев (Юнисон), Аркадий Шестаков (Адмирал).

Жаттықтырушылар құрамы:

Бас бапкер — Олег Болякин

Жаттықтырушылар: Георгий Верещагин, Талғат Жайлауов, Павел Бессонов.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес