28.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Надежда Дубовицкая Гауһартас лигасы кезеңінде 3-орын алды
АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында жеңіл атлетикадан Prefontaine Classic бәсекесі өтіп жатыр. Бұл биылғы Гауһартас лигасының 3-ші кезеңі. Санаулы сәттер бұрын биіктікке секіру сынында қазақстандық Надежда Дубовицкая 3-орын алды. 24 жастағы қазақстандық атлет 1,93 метрді бағындырды.
Ал Токио Олимпиадасының қола, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2019) украиналық Ярослава Магучих ешкімге дес бермесе, (2 метр), америкалық Вашти Каннингем (1,93 метр) 2-орыннан көрінді.
Айта кетейік, Надежда былтыр 6-9 маусым аралығында Алматыда өткен ел чемпионатында 2 метр биіктікке секіріп, Азия рекордын тіркеді. Бұл Дубовицкаяның карьерасындағы ең жақсы нәтижесі. Ал оған дейінгі сары құрлықтың үздік нәтижесі тағы бір отандасымыз Марина Аитоваға (1,99 м, 2009 ж) тиесілі-тұғын.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ