26.06.2024 | 14:42

НОРА ДЖЕРУТО АҚТАЛДЫ

Штаб-пәтері Лозанна қаласында орналасқан спорт арбитражды соты (CAS) Ұлттық құрама спортшысы, 2022 жылғы әлем чемпионы Нора Джерутоны ақтағанын хабарлайды, деп жазады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

2024 жылғы 25 маусымда халықаралық арбитражды сот World Athletics-тың 2023 жылғы 24 қарашада World Athletics тәртіп трибуналының 2023 жылғы 27 қазандағы спортшы Нора Джерутоның допинг қолданды деген күдікке байланысты шешіміне берген апелляциясын қабылдамау туралы шешім шығарды, делінген CAS мәлімдемесінде.

Осылайша, елімізге жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының алғашқы алтынын алып келген спортшысы күдіктен толығымен арылды. Айта кетейік, Джеруто Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес