04.02.2024 | 23:54
Бөлісу:
Нұрлыхан Шархан Париждегі Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды
Ұлттық қүрама дзюдошысы Нұрлыхан Шархан Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол жүлде жолында Айх Даниэльден (Швейцария) басым түсті.
Бүгін Нұрлыхан іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Алғашқы айналымда Натаниэль Киваны (АҚШ), одан кейін әлем рейтингінде үшінші орнында тұрған Нидерланд спортшысы Майкл Коррелді ұтты. Ширек финалда Александр Куколды (Сербия) қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы, испаниялық Николоз Шеразадишвилимен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысына әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 100 ұпай, ІІ орынға – 700, ал ІІІ орынға 500 ұпайдан қосылады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ