07.05.2023 | 18:34
Бөлісу:
Нұрқанат Серікбаев Дохадағы әлем чемпионатын 7-орынмен аяқтады
Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде грузиялық Георгий Сардалашвилиден ұтылып, қола медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырылып қалды. Ересектер арасындағы Ұлттық құрама сапына биыл қосылған дзюдошы Қатар астанасындағы бәсекені 7-орынмен тәмамдады.
Ең жеңіл салмақта (60 кг) бақ сынайтын Нұрқанат әуелі молдовалық Тирсина Александруды вазари ұпайымен жеңді. Осыдан кейін Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Джакартадағы Азия ойындары мен былтырғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, әлем рейтингінің көшбасшысы Ян Юнвэйден голден-скорда басым түсті. Тайбэйлік дзюдошы былтыр Ташкентте ширек финалда Елдос Сметовті жеңгенін айта кетейік.
Алайда Нұрқанат ширек финалда 4 дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының жеңімпазы Наохиса Такатоға жол беріп, үздік төрттіктің қатарына қосыла алмады.
Бұл Нұрқанаттың Ұлттық құрама сапындағы төртінші халықаралық жарысы.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ