03.03.2023 | 21:13
Бөлісу:
Нұрқанат Серікбаев Ташкент татамиінде жасындай жарқылдады
Бүгін Нұрқанат Серікбаев (60 кг дейін) Оңтүстік кореялық Ким Вон Джинге есе жіберіп, дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Үлкен Дулыға бәсекесінің күміс жүлдегері атанды.
Нұрқанат жартылай финалда тәжірибелі грузиялық Лухуми Чхвимианиді ұтса, ширек финалда жарыс қожайыны Дильшодбек Баратовтан жеңіліп жатып, жауырынын жерге тигізді. Ал іріктеуде әзірбайжандық Ровшан Алиев пен Мутаз Хавджаның (Сауд Арабиясы) осал тұсын тапқан.
Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Мерей Марханбетов В тобында алғашқы белдесуінде өзбекстандық дзюдошыдан жеңіліп қалды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ