22.03.2024 | 18:41
Бөлісу:
Нұрқанат Серікбаев Үлкен дулыға турнирінде алғаш рет топ жарды
Ұлттық құрама спортшысы Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстандық спортшы финалда Израиль палуаны Ям Волщакты сенімді жеңді.
Бүгін Нұрқанат алғашқы белдесуінде Йохан Рохасты (Колумбия) ұтқан. Сосын Израиль палуаны Йехонатан Векслерді, Украина өкілі Дильшод Халматовты жарты жолда қалдырды. Жартылай финалда Балабай Агаевты (Әзірбайжан) қапы қалдырды.
Нұрқанат былтыр Ташкентте өткен Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің финалында қарсыласына жол беріп, күміс медальге ие болған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКамила Берліқаш қола жүлдеге таласады
Дархан Қойбағар Үлкен дулыға санатында алғаш рет жүлде алды
Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды
Мағжан Шамшадин – Душанбедегі бәсекенің күміс жүлдегері