29.03.2024 | 12:13
Бөлісу:
Нұрқанат Серікбаевтың Антальядағы Үлкен дулығада неге күреспейтіні белгілі болды
Бүгін Түркияның Анталья қаласында дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы турнир басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан ерлер құрамасындағы көшбасшының бірі Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) Антальядағы жарыста татамиге шықпайтын болды.
«Бапкерлер құрамы болып, Азия чемпионатының алдында осындай шешім қабылдадық. Нұрқанат осы жарыстан кейін 1-5 сәуір аралығында өтетін халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысады»,-деп айтты ерлер Ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов.
Жеңіл салмақтағы спортшымыз Антальяда алғашқы белдесуінде Моңғолия немесе Тәжікстан дзюдошысымен күш сынасуы керек болған.
Айта кетейік, Нұрқанат осыған дейінгі Тбилисиде өткен Үлкен дулыға турнирінде топ жарып, 1000 ұпайға ие болған. Осыдан соң ол әлем рейтингінде 20-орыннан 15-ші сатыға көтерілді. Дзюдодан биылғы Азия чемпионаты 20-23 сәуір аралығында Гонконгта өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ