
11.06.2025 | 18:39
Бөлісу:
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өткен шараның ашылу салтанатында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов барша қатысушыларды құттықтап, Өскемен қаласына алғаш рет Спартакиаданың сеніп тапсырылғанына алғыс білдірді.
Өскемен қаласында ұйымдастырылып жатқан бәсекеге Солтүстік Қазақстан облысынан басқа, 16 облыс және 3 мегаполисінен 1000-ға жуық қатысушы бас қосты. 10-17 маусым аралығында өтетін жарыста 9 спорт түрінен (шағын футбол, волейбол, 3х3 баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, жүзу, қазақ күресі) жүлде сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Ақтөбе қаласында өткен Спартакиадада Ақтөбе облысы жалпы есепте топ жарған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: