25.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан гандболдан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул мен Инчон қаласында өтіп жатқан XIX Азия чемпионатында Гонконгты жеңді. Есеп: 28-24.
Кеше қазақстандық қол добы шеберлері В тобындағы алғашқы турда Қытайға есе жіберген. Тартысты матчтың есебі: 26-28. Енді біздің арулар 27 қарашада Таиландпен шеберлік байқасып, соңғы турда (30 қарашада) Жапониямен кездеседі.
Ұлттық құрама ойыншылары: Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева;
Құрлық додасы 4 желтоқсанда мәресіне жетеді. Биыл Оңтүстік Корея гандбол федерациясы (KHF) 3-мәрте Азия бәсекесін ұйымдастырып жатыр. Биылғы сары құрлықтағы үздік 5 құрама 2023 жылғы 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Дания/Норвегия/Швецияда өтетін XXVI Әлем чемпионатына жолдама алады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚОЛ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ СИНГАПУРДЫ ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ
ГАНДБОЛДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
ҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ