13.07.2022 | invalid

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында жеңіліп қалды

Бүгін Индонезия астанасы Джакартада Азия Кубогының алғашқы турында Қазақстан ерлер құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды. Есеп 100:68 (23:22, 22:26, 29:11, 26:9).

Біздің құрама сапындағы ойынның үздік ойыншысы Роман Марчук (15 ұпай), Максим Марчук (13 ұпай) және Роберт Пан (7 ұпай).

Келесі, 2-турда Қазақстан құрамасы 15 шілде күні сағат 10:00-де Иранмен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, Жапония баскетболшылары Азияда 7-ші, әлем рейтингінде 38-ші орында келе жатыр. Ал Қазақстан құрамасы сары құрлықта 10-шы, әлемде 68-орында тұр.

Бүгінгі қарсыластарымыз 1966 және 1971 жылы құрлық чемпионы атанған. Сонымен қатар Азия чемпионатында Оңтүстік Кореядан кейін финалға ең көп шыққан құрама. ФИБА-ға 1936 жылы қосылған. Олимпиададағы үздік нәтижесі 9-орын.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес