12.02.2023 | 22:25
Бөлісу:
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жалпы есепте 2-орын алды
Бүгін Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 3 қола медальге ие болып, жалпы есепте 2-орын алды.
Чемпион атанғандар – Каролин Кипкируи (3000 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру), ерлер құрамасы (эстафета 4х400 метр), әйелдер құрамасы эстафета 4х400 метр), Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);
Күміс жүлдегерлер – Михаил Литвин (400 метрге жүгіру), Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Кристина Овчинникова (биіктікке секіру);
Қола медаль алғандар – Ақбаян Нұрмамет (1500 метрге жүгіру), Шэдрак Кимутай (3000 метрге жүгіру), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру);
Жалпы есепте 15 медальге – 6 алтын, 5 күміс пен 4 қолаға қол жеткізген Жапония құрамасы 1-орыннан көрінді. Қатар атлеттері 8 жүлдемен (2 алтын, 4 күміс, 2 қола) үздік үштікті түйіндеді.
Барлығы бұл чемпионатқа 31 елден 500-ден астам спортшы жиналды. Жүлде алған барлық ел мына жерде.
Алдыңғы чемпионаттағы нәтижеге шолу
Осыған дейінгі жабық кешендегі ІХ Азия чемпионаты 2018 жылы Иран астанасы Тегеранда өтіп Қазақстан атлеттері 12 жүлдемен (7 алтын, 4 күміс және 1 қола) көш бастаған.
Ал 2016 жылғы Қатар астанасы Дохада біздің спортшылар жалпы есепте 3-орынға жайқасқан. Бұйырғаны 4 алтын, 2 күміс пен 4 қола.
2014 пен 2012 жылғы сары құрлық додасын Қытайдың Ханчжоу қаласы қабылдады. 2014 жылы еліміздің атлеттері 4 алтын, 5 күміс пен 3 қоламен үздік үштікті түйіндесе, 2012 жылы 4-сатыға тұрақтады (2 алтын, 3 күміс пен 2 қола).
2010 жылы Тегеранда – 3 алтын, 5 күміс пен 5 қола (4-орын).
2008 жылы Дохада – 4 алтын, 6 күміс пен 4 қола (3-орын).
2006 жылы Паттайяда – 7 алтын, 2 күміс пен 9 қола (1-орын).
2004 жылы Тегеранда – 4 алтын, 2 күміс пен 1 қола (3-орын).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ