12.04.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартты
Нидерландыда өткен Ротердам марафонында отандасымыз Жанна Мамажанова Қазақстан рекордын жаңартты. Соңғы рет бұл рекордтық көрсеткішті 1987 жылы Токиода Зоя Иванова орнатқан. КСРО Еңбек сіңірген спорт шеберінің ол кездегі көрсеткіші 2:27:57 болатын. Ал Жанна Мамажанова мәре сызығын 2:26:54 уақытта кесіп, Ротердам марафонының қола жүлдесін жеңіп алды. Жаннаның өзі үздік үшікке кіремін деп ойламағанын айтады.
«Марафон ойдағыдай өтті. Жүгіру барсында темпті бірқалыпты ұстауға тырыстым. Қазақстан рекордын жаңартуды алдын-ала жоспарладым. Ол үшін маған әрбір шақырымды 3:30 минутта бағындыру керек болды. Жүгіріп келе жатып, әйелдер арасында шамамен «топ-8», «топ-7» қатарында болатын шығармын деп ойладым. Бірақ соңғы шақырымдарды кениялық екі қызды байқадым. Мәрені кескенде де өзімнің үшінші болып келгенімді білмедім. Мен үшін бастысы ірі халықаралық додада ел рекордын жаңарту болды»-дейді қазақстандық желаяқ Жанна Мамажанова.
1981 жылдан бері дәстүрлі түрде өтетін, әлемнің үздік он марафондарының қатарына кіретін Ротердам марафонында биылғы жылы он үш мыңнан аса атлет бақ сынаған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ