03.10.2023 | 14:16
Бөлісу:
Қол добынан Ұлттық құрама қола жүлдеге таласады
Қол добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азиаданың жартылай финалында Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Есепті қарсыластар ашқанына қарамастан алғашқы таймның ортасына дейін екі құрама тең келе жатқан. Сосын, жапон гандболшылары қарқынын үдетіп, матчтағы басымдығы мен таблодағы көрсеткішті арттыра берді. Қорытынды есеп: 40-22.
Бұл матчта Ұлттық құрама сапындағы Севара Реджеметова мен капитан Аида Жапарова көп гол салды.
Енді 5 қазанда Ұлттық құрама жарыс қожайыны Қытай спортшыларымен қола медальді сарапқа салады. Ал финалда Оңтүстік Корея мен Жапония кім мықтыны анықтайды.
Осыған дейін Евгений Шишкин шәкірттері А тобына түсіп Таиланд (44-20) пен Өзбекстан құрамасынан (37-33) басым түсті. Алайда шешуші турда Джакартадағы Азиаданың жеңімпазы Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды. Есеп: 23-45.
Жалпы Қазақстан әйелдер құрамасы 1994 жылдан бері сары құрлық Олимпиадасынан қалған емес. Осы аралықта 2 мәрте финалға шығып, Оңтүстік Кореядан кейінгі сатыға жайғасқан. Сондай-ақ Инчхонда (2014 жыл) қола медаль алғаны бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚОЛ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ СИНГАПУРДЫ ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ
ГАНДБОЛДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
ҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ