14.02.2024 | 20:41
Бөлісу:
Қостанайда ауыр атлетикадан ел чемпионаты өтеді
15-21 ақпан аралығында Қостанай қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биыл 18 өңірден келген 242 спортшы (151 ер, 91 әйел) жекелей және командалық сында үздіктерді анықтайды. Тек Атырау мен Маңғыстау облысы осы жылы команда жібермейді.
Ерлер: 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96, 102, 109 кг дейін және 109 кг жоғары;
Әйелдер: 45, 49, 55, 59, 64, 71, 76, 81, 87 және 87 кг жоғары салмақ;
«Биылғы чемпионат әр өңірдегі дарынды спортшыларды іріктеуге мүмкіндік береді. Бұл елімізде ауыр атлетиканың дамуына тың серпін беретін қадам»,-деді Мемлекеттік жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсір.
Суреттің авторы - Тұрлыжан Айтенов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: