30.06.2022 | invalid

Құзға өрмелеу: Әлем Кубогының 7-кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Бүгін Швейцарияның Вилларс қаласында құзға өрмелеуден Әлем Кубогының 7-ші кезеңі басталды. Бұл сында Ұлттық құраманың спортшылары – Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Тамара Улжабаева, Әсел Марленова, Маргарита, Ағамбаева Матвей Есипов, Денис Жендинский қатысады.

Барлығы бұл бәсекеге 35 елдің 324 атлеті (150 әйел мен 174 еркек) шеберлік байқасады.

Құзға жылдамдыққа өрмелеуден мамыр айында Сеулде бір және Солт-Лейк-Ситиде екі кезең өткен. Содан бері бұл бағдарламадағы спортшылар бір айға жуық демалды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес