25.04.2023 | 16:20
Бөлісу:
Қызылорда облысы – қол добынан әйелдер арасында VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы
Қызылорда қаласында қол добынан әйелдер арасында ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасы өтті.
Астана және Шымкент қаласы, Қызылорда, Алматы, Қарағанды облысының командасы бір-бірімен ойнап шықты. Барлық ойында жеңіске жетіп, 8 ұпай жинаған Сыр өңірінің арулары чемпион атанды. Тек алаң иелеріне есе жіберген елордалық гандболшылар 6 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Алматы облысы қола медальге қол жеткізді. Өкінішке қарай, Қарағанды облысы барлық матчта қарсыласқа жол беріп, көш соңында қалып кетті.
Спартакиада нәтижесі бойынша халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы жасақталады. Мәселен, біздің гандболшылар 12-21 маусым аралығында клубтар арасындағы Азия чемпионатына, сосын 17-26 тамыз аралығында Жапонияда өтетін Париж Олимпиадасына іріктеу турниріне қатысады. Ал биылғы әлем чемпионатын 30 қараша мен 17 желтоқсан күндері Дания, Норвегия мен Швеция қатар қабылдайды.
Айта кетейік, биыл ақпаннан бері күрес түрлерінен, үстел теннисі, семсерлесу, спорттық гимнастика, велотрек (1-кезеңі) пен гандбол (әйелдер) сынды спорт түрінен VI жазғы Спартакиада өтті. Қазір 6 спорт түрінің нәтижесі бойынша жалпы есепте Алматы қаласы жеке-дара көш бастады. Астана мен Шымкент қаласы үздік үштікті түйіндеп тұр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚОЛ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ СИНГАПУРДЫ ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ
ГАНДБОЛДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
ҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ