07.05.2023 | 11:07

Регбиден Қазақстан құрамасы – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Қатар астанасы Дохада регби-15-тен Азия чемпионатының 2-дивизионы өтті. Қазақстан ерлер құрамасы Үндістанды 29:22 есебімен жеңіп, финалға шықты. Ақтық сында матч алаң иелері Қатардың пайдасына аяқталды (10-35). Осылайша, Ұлттық құрама күміс жүлдеге ие болды. Былтыр қазақстандық регбишілер сары құрлықтың 3- дивизионында топ жарып, бір саты жоғары көтерілген.

Осы матчтарға Таиланд командасына Азия регби федерациясы айыппұл салғандықтан қатыса алған жоқ.

Айта кетейік, олимпиада бағдарламасына кірмейтін регибдің бұл түрінде (15 адам ойнайтын) әр командада 26 спортшыдан болады. Әр тайм (2) 40 минутқа созылады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес