05.02.2024 | 16:22
Бөлісу:
Сайрамкез Ақмолда күміс жүлде иеленді
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз жұлқа көтеруде 126, серпе көтеруде 166 келіні еңсеріп, қос жаттығудың қорытындысында 292 келі көрсеткішпен 2-орын иеленді. Солтүстік Корея атлеті Ри Вон Джи 317 кг (137+180) зілтемірді бағындырып, бас жүлде иеленсе, қола Таиланд өкілі Терават Ратфетте (286 кг, 128+158)
Ташкенттегі Азия чемпионатында Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Жарысқа 34 елден 192 атлет қатысып жатыр.
Суреттің авторы: Тұрлыжан Айтенов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: