16.03.2024 | 20:28

Шерзод Хаширбаев Еуропа Кубогы кезеңінде топ жарды

Бүгін Швейцарияның Айроло қаласында аяқталған фристайл-акробатикадан Еуропа Кубогының кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Шерзод Хаширбаев жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шерзод Хаширбаевқа алтын медаль алу үшін 96.93 ұпай жеткілікті болды. Украиналық атлет Максим Кузнецов (94.82 ұпай) күміс, швейцариялық Пирмин Вернер (93.99 ұпай) қола жүлдеге ие болды.

Жарыс барысында 20 жастағы Шерзод 2 дүркін әлем чемпионы Ное Розды (Швейцария) қапы қалдырды. Бұл қазақстандық фристайлшының ересектер арасындағы кезекті жетістігі. Бұған дейін ол 2021 жылы АҚШ-та өткен Солтүстік Америка Кубогында 1-орын иеленген. Сондай-ақ Шерзод былтыр Бейжің Олимпиадасында бақ сынаған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес