28.09.2023 | 13:06
Бөлісу:
Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениз Азиаданың қола жүлдесіне қол жеткізді
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында таеквондошы Смайыл Дүйсебай (+80 кг) мен Жансель Дениз (73 кг) қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Смайыл жартылай финалда Қытай спортшысы Чжаосян Соннан (0-2), ал Жансель Ли Дабиннен (Оңтүстік Корея) 1-2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Ұлттық құраманың екі спортшысы өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.
Смайыл ертеректе Бутан атлеті Нима Вангди (2-0) мен Омар Хамзадан (Пәкістан) басым болып, жартылай финалға жолдама алды. Жансель Ханчжоудағы ойындарды ширек финалдан бастап, Ливан өкілі Уорда Селмананы сенімді жеңді (2-0). Есіңізге сала кетейік, Жансель 2018 жылы Джакартада өткен жазғы Азия ойындарының финалында осы Ли Дабиннен ұтылып, күміс жүлдегер атанған.
Айта кетейік, Азия ойындарында ел намысын қорғайтын даянг шеберлері биыл шілдеде Түркістан қаласындағы Қазақстан Кубогында жаңа формат бойынша іріктеліп, Оңтүстік Корея мен Таиландта оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: АРМАН ШЫЛМАНОВ
ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА 2 КҮН ҚАЛДЫ