20.05.2022 | invalid

«Тараз» волейбол клубы Азия чемпионатында 4-орын алды

Иран астанасы Тегеран қаласында клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталады. Ел чемпионы«Тараз» 3-орын үшін болған матчта Иранның «Шахбад Язд» командасынан жеңіліп қалды. Есеп 0:3.

Чемпионат қорытындысы бойынша, тараздық Нодирхан Кәдірханов үздік орталық тосқауыл қоюшысы атанды.

Иранның «Тегеран Пейкан» клубы финалда Жапонияның Suntory Sunbirds командасын ұтып (3:2), 8 дүркін Азия чемпиона атанды. Ал бестікті Таиландтың «Нахон Ратчасима» ұжымы түйіндеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес