14.02.2026 | 03:03
Бөлісу:
ТАРИХИ СӘТ! МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.
Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):
1-орын. Михаил Шайдоров – 291.58 ұпай
2-орын. Юма Кагияма (Жапония) – 280.06 ұпай
3-орын. Шун Сато (Жапония) – 274.90 ұпай

Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған.
Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған.

Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық