11.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Татамиге шыққан 3 дзюдошымызға жүлде бұйырмады
Бүгін, Ташкенттегі дзюдодан Әлем чемпионатының 6-күні татамиге қазақстандықтардан Нұрлыхан Шархан (-100 кг) мен Аруна Жангельдина (-78 кг) шықты, деп хабарлайды kazsports.kz
Нұрлыхан алғашқы айналымда оңтүстік кореялық Джонгхун Вонды, сосын алжирлік Мұстафа Ясир Буамарды ұтты. Алайда 3-кезеңде тәжірибелі əзірбайжандық Зелим Коцоевтан ұтылып қалды. Бұл салмақтағы сынды 2-айналымнан бастаған тағы бір дзюдошымыз биылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Ислам Бозбаев бразилиялық құрдасы Рафаэль Бузакариниге есе жіберді. Голден-скорға дейін жеткен белдесуде Ислам 3 ескерту алды.
«Хумо» аренаға жиналған жанкүйерлер күннің соңғы жекпе-жегін бұлай асыға күтпеген болар. Себебі, Музаффарбек Туробоев финалда канадалық Кайл Рейеспен алтынды сарапқа салды. Голден-скорға дейін созылған белдесуде жерлігікті спортшы басым түсіп, Өзбекстан құрамасының қоржынына 2-ші алтынды сыйлады. Кеше Давлат Бобонов (-90 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмегенін айта кетейік. Қос қола жүлде Майкл Коррел (Нидерланд) мен Зелим Коцоевтың (Әзірбайжан) еншісінде кетті.
Майра Агияр ешкімде дес бермеді
Бұл бәсекеде Арунаға жеребе жолдас болған жоқ. Қазақстандық алғашқы кездесуінде тайпейлік Лю Ли-Лин Шиді сенімді ұтқан. Бірақ келесі кезеңде Олимпиаданың 3 дүркін қола жүлдегері, 2014 жылғы Әлем чемпионы, 7 мәрте Панамерика чемпионатының жеңімпазы бразилиялық Майра Агияр кезігіп, отандасымыздың жолын кесті. Ташкенттегі бәсекеге сақадай сай келген Майра түбі финалға жетіп, қытайлық Чжэньчжао Мадан айласын асырды. Бұл оның әлем чемпионатындағы 6-жүлдесі. Осыған дейін 31 жастағы бразилиялық бір алтын, бір күміс пен 3 қоланы мойнына таққан. Қола медальге украин Елизавета Литвиненко мен польяк Беата Анна Пакут-Клочко қол жеткізді.
Ертең, Әлем чемпионатының соңғы күні аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) пен Камила Берліқаш (+78 кг) өнер көрсетеді.
Қазір Қазақстан еншісінде алғашқы күні Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова салған қос қола медаль бар. Жалпы есепте Ұлттық құрама Франция, Нидерланд үшеуі 14-орынды бөлісіп тұр. Осы уақытқа дейін Өзбекстан астанасында 24 ел жүлдеге қол жеткізді. Көш басында 5 алтын, 3 күміс жəне 2 қола медалі бар Жапония келеді.
Суреттердің авторы - Аян Төлеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ