14.07.2023 | 22:17
Бөлісу:
Түркістанда таеквондодан Қазақстан Кубогы басталды. Жаңа форматтың ерекшелігі қандай?
Бүгін Түркістан қаласындағы Олимпиада орталығында таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы басталды. Азия ойындарына баратын спортшылар іріктелетін сынға еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам даян шебері жиналды. Олар 3 күн бойы 10 салмақта сынға түседі.
Ерлер: 58 кг, 63 кг, 68 кг, 80 кг, +80 кг.
Әйелдер: 49 кг, 53 кг, 57 кг, 67 кг, +67 кг.
Бұл салмақтың сегізі Олимпиада бағдарламасына кіреді.
Осы тұста биылғы бәсеке жаңа жүйе бойынша өтетінін айта кетейік. Енді әр салмақта чемпион атану жеткіліксіз. Әр салмақтағы жеңімпаз тағы 2 күн бойы өз салмағын ұстап тұрып, шешуші күні ширек финалистер арасынан топ жарған спортшымен Суперфиналда кім мықтыны анықтайды. Ал Азия ойындарына сол айқаста басым түскен таеквондошы барады. Бұл жүйе бүгінде осы спорт түрі шыққан Оңтүстік Кореяда бүгінге дейін қолданылады.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Спортты дамыту дирекциясының орынбасары Әлішер Аймұхамбетов дирекция басшылығы Қазақстан Кубогына ерекше назар аударатынын жеткізді. Оның сөзінше, осы жарыстан соң Ұлттық құрама Оңтүстік Кореяда оқу-жаттығу жиынына аттанады.
Алғашқы жарыс күні ерлер 58 және 80 келіде, әйелдер 49 бен 53 келіде күш сынасты.
Түркістандық Асқар Өтеген финалда Ұлттық құрама спортшысы Самирхан Абабакировты ұтып 58 келі салмақтың Суперфиналына тікелей жолдама алды. Енді ол жексенбі күнгі қарсыласын күтеді. Оған ширек финалға шыққан мына спортшылардың бірі қарсылас болуы мүмкін:
Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы) 80 кг салмақтың Суперфиналына тікелей шықты. Бұл салмақта ширек финалға шыққандар:
Ботакөз Қапанова (Қызылорда облысы) финалда Рита Бакишевадан басым түсіп, 49 кг салмақтың Суперфиналына өтті. Ширек финалдағы спортшылар:
Биылғы Қазақстан Кубогында 53 кг дейінгі салмақта Азиза Қаражанова (Жамбыл облысы) жеңіске жетіп, Суперфиналға тікелей жолдама алды.
Әр салмақтағы ширек финалға өткен 7 таеквондошы жексенбі күндіз өзара күш сынасып, Суперфиналға берілер бір жолдамаға таласады.
Ертең ерлер 57 мен 67 келіде, әйелдер 63 мен 68 келіде сынға түседі. Жексенбі күні аса ауыр салмақтағы жекпе-жектер мен Суперфиналдар өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: АРМАН ШЫЛМАНОВ
ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА 2 КҮН ҚАЛДЫ