
14.05.2025 | 12:39
Бөлісу:
ВЕЛОСПОРТ: ПОЛЬШАДАҒЫ ORLEN NATIONS ГРАН-ПРИІНДЕ 6 ОТАНДАСЫМЫЗ ЖАРЫСАДЫ
14-17 мамыр аралығында Польшада тас жолдағы велоспорттан VII Orlen Nations Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер арасындағы Ұлттар лигасының бұл кезеңі 23 жасқа дейінгі велошабандоздар үшін жылдың маңызды жарысы саналады. Алғашқы кезең Ланьцуттан Ясло қаласына дейін созылады. Кейінгі 3 кезең Ярослав – Устшики-Дольне - Леско қаласын қамтиды.
Алғашқы кезеңнің бағдары мынадай:
Биыл 25 команда сапында 146 спортшы сынға түседі. Бұл қатарда Қазақстан құрамасы да бар. Ұлттық құрама бапкерлері бекіткен тізім мынадай:
Батырхан Алик, Аслан Силықбек, Владислав Башлыков, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Диас Рысбай; Айта кетейік, осы Гран-при арқылы көптеген велоспортшы әлемдік турларға жолдама алған.
Фото авторы: Tomasz Śmietana/ORLEN Nations Grand Prix-2024, IV кезең.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

