
21.04.2025 | 18:09
Бөлісу:
ВЕЛОТРЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ 3 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қытайдың Гонконг қаласында велотректен Hong Kong International Track CUP турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биыл жарысқа 68 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан велошабандоздары 2 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.
«Мэдисон» дисциплинасында Ұлттық құрама (Рамис Дінмұхаметов, Илья Карабутов) тек Жапонияға есе жіберіп, 2-орыннан көрінді. Мұнда үздік үштікті Bridgestone Cycling командасы түйіндеді.
Ал топтан тыс қалу жарысында Илья Карабутов күміске, Рамис Дінмұхаметов қолаға ие болды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

