28.09.2023 | 12:58

Волейболшылар үздік үштікте

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында жағажай волейболынан Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жүлде жолындағы матчта Иран спортшылары Әлиреза Агажанигасаб пен Аббас Поурасгариден басым түсті. Есеп: 25-23, 30-28. 

Біраздан соң финалда Қатар мен жарыс қожайыны Қытай ойнайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес