11.09.2023 | 12:23

Жағажай волейболы: ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды

Жағажай волейболынан Қазақстан ерлер құрамасы Бангладештің Кокс-Базар қаласында өткен Азия Кубогының 1-айналымында (орталық аймақ) қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жүлде жолында Қазақстан-1 (Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату) мен Қазақстан-2 (Нұрдос Алдаш, Кирилл Гурин) құрамасы жарыс қожайыны Бангладештен басым түсті. Есеп 2-0. Кеше қазақстандық волейболшылар жартылай финалда Иранның 2 командасына жол берген (0-2).

Жалпы бір апта бойы Кокс-Базар қаласында Қазақстан, Иран, Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан, Өзбекстан, Непал, Мальдив аралдары, Ауғанстан, Түркменстан, Тажікстан, Қырғызстан, Бутан құрамасы кім мықтыны анықтады.

Финалда Иран мен Үндістан келесі кезең жолдамасын сарапқа салады. Жеңімпаз Париж Олимпиадасына іріктеудің 3-ші, күміс жүлдегер 2-ші кезеңіне өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес