11.09.2023 | 17:13

Жағажай волейболы: Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасы үшін таласады

Жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы Бангладештің Кокс-Базар қаласында өткен Азия Кубогының 1-айналымында (орталық аймақ) топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан-1 (Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко) мен Қазақстан-2 құрамасы (Алина Раченко мен Анастасия Уколова) финалда Қырғызстаннан келген 2 команданы жеңді. Есеп 2-0.

Осылайша, Қазақстан орталық аймақтың жеңімпазы ретінде Париж Олимпиадасына іріктеудің 3-ші кезеңіне тікелей шықты. Бұл жарыс келесі жылы көктемде өтеді. Онда Қазақстанмен қатар Жаңа Зеландия, Жапония ойнайды. Қалған 2 құрама 2-айналымнан соң анықталады.

Айта кетейік, Кокс-Базар қаласында Қазақстан, Иран, Үндістан, Шри-Ланка, Пәкістан, Өзбекстан, Непал, Мальдив аралдары, Ауғанстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Бутан құрамасы сынға түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес