28.01.2023 | 23:53
Бөлісу:
Жансай Смағұлов – Португалия Гран-Приінің күміс жүлдегері
Бүгін Португалияның Алмада қаласындағы дзюдодан Гран-Придің 2-күні аяқталды. Санаулы сәттер бұрын Қазақстан құрамасының қоржынына 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жансай Смағұлов 3-жүлдені салды.
Тәжірибелі отандасымыз финалда өзбекстандық Обидхон Номоновтан таза ұтылып қалды.
Жансай Смағұлов іріктеу кезеңінде әуелі швед Олоф Хермодссонды, сосын украиналық Владислав Казимиров пен бельгиялық Йерун Кассені ұтып, В тобынан шықты. Ал жартылай финалда А тобының жеңімпазы испан Хосе Антонио Аранданың жауырынын жерге тигізді.
Осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Аңсарбек Ғайнуллин гамбиялық Фэй Нджиді (шидо санымен) және португалиялық Саба Данелияны ұтқанымен, әзірбайжандық Нұрлан Османовқа есе жіберді. Барлығы 73 келіге дейінгі салмақта 60 дзюдошы сынға түсті.
Сондай-ақ бүгін татамиге шыққан Дана Әбдірова мен Севара Нышанбаева (57 келі), Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов (81 келі), Самалай Ерғалиева мен Эсмигүл Куюлова (63 келі) іріктеуде сүрінді.
Қазір Қазақстан құамасы жалпы есепте 1 алтын және 2 күміс медальмен 2-орында тұр. Айта кетейік, Гран-При 29 қаңтарға дейін Тежу өзенінің жағасында өтеді. Мұнда 81 елдің 550-ге жуық татами шебері рейтинг ұпайы үшін таласып жатыр.
Бұл Гран-Приде жеңімпаз атанған дзюдошы рейтингте 700 ұпайға ие болады. Ал 2-орынға 490 ұпай, 3-орынға 350 ұпай, 5-орынға 252, 7-орынға 182 ұпай беріледі. Португалиядағы бәсекенің жүлде қоры 100 000 АҚШ доллары.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ