11.12.2024 | 15:51
Бөлісу:
ЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
Отандасымыз Сағындық Тоғамбай Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы 92 келіде ақтық сында Парвиз Каримовтің (Тәжікстан) осал тұсын тапты. Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері алғашқы және екінші раунда қарсыласын есеңгіретіп тастады. Осыдан кейін де ауыр соққыларымен Каримовке ес жиғызбады.
Бұл Чиангмайдағы Қазақстан ерлер құрамасының еншісіндегі 3-алтын медаль. Ертеректе Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) әнұранымызды шырқатқан.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWORLD BOXING ҰЙЫМЫ 2025 ЖЫЛДЫҢ КҮНТІЗБЕСІН ЖАРИЯЛАДЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ