24.07.2022 | invalid
Бөлісу:
Жеңіл атлетика: қазақстандық финалда 7-орын алды
Бүгін АҚШ-тағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында әйелдер 5 000 метрге жүгіруден жеңімпазды анықтады. Бұл сында ел намысын қорғаған Каролин Чепкоеч Кипкируи 7-ші болып мәре сызығын қиды. Каролин 5 шақырымды 14:54.80 секундта бағындырды.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, эфиопиялық Гудаф Цегай чемпион атанса, 22 жастағы кениялық Беатрис Чебет күміс медаль жеңіп алды. Үздік үштікті тағы бір Эфиопия өкілі Давит Сеяум түйіндеді.
Айта кетейік, Каролин Кипкируи іріктеуде барлық қатысушы ішінде 2-ші нәтиже көрсеткен еді (14:52.54). Әзірге бұл оның осы маусымдағы үздік нәтижесі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ