12.01.2024 | 14:44
Бөлісу:
Ұлттық құрама алғашқы ойында қарсыласқа есе жіберді
Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында өтіп жатқан қол добынан ерлер арасындағы XXI Азия чемпионатының алғашқы турында Қазақстан құрамасы жарыс қожайынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғашқы тайм 7-24 есебімен алдыңғы чемпионаттағы күміс жүлдегердің айқын басымдағымен аяқталды. Екінші кезеңде Бахрейн ойыншылары тағы 23 гол салып, ірі жеңіске қол жеткізді. Есеп: 13-47.
D тобындағы тағы бір мачта БАӘ-нің құрамасы Гонконгтан 29-24 есебімен айласын асырды. Ертең, 13 қаңтарда Қазақстан мен БАӘ арасындағы матч өтеді (Астана уақытымен 18:00-де басталады). Сосын, 15 қаңтарда топтағы соңғы турда қазақ гандболшылары Гонконгпен күш сынасады.
Айта кетейік, чемпионат нәтижесінде 2025 жылы қыста Хорватия, Дания мен Норвегияда өтетін 4 құрама әлем чемпионатына жолдама алады.
Бахрейн осыған дейін Азия чемпионатын 1993, 2014 және 2016 жылы қабылдаған. Қазіргі чемпион – Қатар қатарынан 5 Азия чемпионатында (2014, 2016, 2018, 2020 мен 2022 жылы) топ жарған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚОЛ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ СИНГАПУРДЫ ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ
ГАНДБОЛДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
ҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ