Директор
Маратбек Саменбекұлы Мықтыбеков

Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы 1981 жылғы 8 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Дене тәрбиесі» факультетіне оқуға түсіп, оны 2000 жылы тәмамдады, екінші алған жоғары білімі осы универститеттің «Құқықтану» мамандығы.

Өзінің еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде дене шынықтыру мұғалімі болып бастады және 2004 жылға дейін қызмет етті. 2004 жылы «ГазИнСервис» ЖШС-нің бас менеджері, 2004-2005 ж.ж. «Меркурий Снаб» ЖШС-да компаниялармен жұмыс жөніндегі менеджер болып істеді. 2005 жылы – «Қазферро қорытпа» МТД ЖШС-да құралдармен жабдықтау жөніндегі бөлім бастығы, 2007 жылы – «SATOperating Aktau» ЖШС бас директорының кеңесшісі, 2007-2008 жылдары «Қазферро қорытпа» ЖШС-да жабдықтау бөлімінің басшысы болды.

2010-2011 ж.ж. «Алматы қаласы бокс федерациясы» ЗТБ-нің Атқарушы директоры. 2012 жылдан бастап, 2017 жылға дейін «Дзюдо федерациясы» РҚБ-да 1-ші вице президент және Бас қазынашылық қызмет атқарды. 2012 жылы – «Азия бокс конфедерациясы» ЗТБ Атқарушы директорының кеңесшісі, 2013-2014 жылдары – Спорт және дене шынықтыру істері агентігінің Алматы қаласындағы «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы, 2014-2017 жылдары Спорт және денешынықтыру істері агентігінің Алматы қаласындағы «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-нің директоры, «Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ Президентінің кеңесшісі. 2019-2021 ж.ж. кезеңде «Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ-да ФА Президентінің кеңесшісі. Ал 2021 жылдан бастап, қазірге дейін «Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ-да Атқарушы директор болды.

Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы самбодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997 жылғы самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2002 жылғы студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.  

«Қазақстан бокс федерациясы» ЗТБ-да Атқарушы  директор лауазымында өзін жүктелген міндеттерге жауапты, батыл шешім  қабылдайтын және көпшілікпен тіл табысып, жұмыс істейтін басшы ретінде танытты.