24.03.2023 | 19:20

Əбиба Абужақынова Тбилисиде қола медаль жеңіп алды

Əбиба Абужақынова (48 кг дейін) испаниялық Лаура Абелинда Мартинесті ұтып, Тбилисидегі Үлкен Дулыға бəсекесінің қола жүлдегері атанды. Қазақстандық кездесудің басында вазари ұпайын алды.

Отандасымыз 2-айналымда украиналық, сосын израильдік Тамар Мальчаны жеңді. Алайда ширек финалда сербиялық Милица Николичке есе жіберді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес