23.05.2023 | 07:32
Бөлісу:
Ұлттық құрама Әлем чемпионатының элиталы дивизиондағы орнын сақтап қалды
Бүгін Финляндияның Тампере және Латвия Рига қаласында қатар өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңдегі ойындары аяқталды. Ғалым Мәмбетәлиев баптайтын Ұлттық құрама «Рига-Аренада» шешуші турда Словенияны негізгі уақытта 4-3 есебімен жеңді. Қазақстандықтар арасынан Евгений Рымарев матчтың үздік ойыншысы атанды.
Осылайша, біздің хоккейшілер В тобында 7 ұпаймен 6-орынға тұрақтап, келесі жылғы әлем чемпионатының элиталы дивизионында ойнауға мүмкіндік алды. Ал осы топтан бірінші дивизионға Словения төмендейді.
Биылғы бәсеке барысында 6 матч өткізген Қазақстан құрамасы осыған дейін булитте Норвегия мен Словакияны (екеуін де 4-3 есебімен) жеңсе, Чехия (1-5), Швейцария (0-5), Канада (1-5) және Латвияға (0-7) есе жіберді. Плей-офф кезеңіне А тобынан АҚШ, Швеция, Финляндия мен Германия жолдама алса, олардың қарсыласы Швейцария, Канада, Латвия мен Чехия болмақ.
Хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатын Чехияның Прага және Острова қаласы қатар қабылдайды. Біздің спортшылар төртінші жыл қатарынан элиталы дивизионда бақ сынайды. Бұған дейін отандастарымыз 1998, 2004, 2005, 2006, 2010, 2012, 2014, 2016, 2021 және 2022 жылдары жоғарғы топта болған. Үздік нәтижесі – 2021 жылғы Ригадағы доданың тобындағы 5-орын.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықХОККЕЙ: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА АРНАЛҒАН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ