11.01.2024 | 11:19
Бөлісу:
Ұлттық құрама Азия чемпионатындағы алғашқы матчта жарыс қожайынымен ойнайды
11-25 қаңтар аралығында Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында қол добынан ерлер арасындағы XXI Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биыл сары құрлықтағы 16 елдің құрамасы (Қазақстан, Қатар, Кувейт, Оман, Тайбей, Иран, Оңтүстік Корея, Қытай, Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы, Ирак, Үндістан, Жапония, Бахрейн, БАӘ, Гонконг) кім мықтыны анықтамақ. Әр командада 16 ойыншыдан тіркелген.
Назарыңызға Ұлттық құрама ойыншыларының тізімін ұсынамыз:
Қуанбай Қуантыр, Данияр Ирисметов, Әсет Қали, Асылхан Нәбиев, Ержан Кенжебаев, Константин Миляев, Дәурен Тілекқабыл, Бекзат Анарбаев, Одилжан Газиев, Илья Побоченко, Мирас Қалдыхан, Даниил Якубович, Асқан Өксікбаев, Дилмурад Юлдашев, Артем Мельниченко, Виктор Михайлов.
Команда жасақтау кезінде былтыр жазда Қарағанды қаласында өткен гандболдан ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасының нәтижесі есепке алынған.
Қазақстан Азия чемпионатындағы алғашқы ойында Бахрейнмен күш сынасады. Бұдан бөлек D тобында тағы БАӘ мен Гонконг бар. Чемпионат нәтижесінде 2025 жылы қыста Хорватия, Дания мен Норвегияда өтетін 4 құрама әлем чемпионатына жолдама алады.
Бахрейн осыған дейін Азия чемпионатын 1993, 2014 және 2016 жылы қабылдаған. Қазіргі чемпион – Қатар қатарынан 5 Азия чемпионатында (2014, 2016, 2018, 2020 мен 2022 жылы) топ жарған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Ұлттық құрама алғашқы ойында қарсыласқа есе жіберді
Ұлттық құрама Бразилиядан жеңіліп қалды
Кристина Радаева Испания құрамасының қақпасына 5 гол салды