31.07.2023 | 20:41
Бөлісу:
Ұлттық құрама спортшысы Қазақстанға Универсиаданың алғашқы алтынын сыйлады.
Таеквондошы Рита Бакишева (46 кг) Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ дүниежүзілік жазғы Универсиаданың чемпионы атанды. Отандасымыз финалда тайбэйлік Хуан Ин-Сюаньды ұтты.
Рита Бакишева 19 жаста болса да, Ұлттық құрама сапындағы жетекші даянг шеберінің біріне айналып келеді. Ол биыл көктемде Бакуде өткен әлем чемпионатында ширек финалда сүрініп, жүлдеге бір табан жетпей тоқтаған. Қазір 19 жастағы спортшы Мирас атындағы университетте білім алып жатыр.
Осыған дейін де Универсиадада Қазақстан құрамасының бірнеше атлеті тұғыр биігіне көтеріліп, ел абыройын асқақтатты. Олар:
Күміс медаль
1. Нысана көздеуден Ұлттық құрама (Ислам Сатпаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин)
2. Никита Чирюкин (тапанша, 25 м)
3. Елжана Таниева (көркем гимнастика, доп)
4. Диана Тұрсынбек (садақ ату)
5. Елжана Таниева (көркем гимнастика, лента)
Қола медаль
1. Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 кг)
2. Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 кг)
3. Нысана көздеуден Ұлттық құрама (Ислам Сатпаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин)
4. Елжана Таниева (көркем гимнастика, шығыршық)
5. Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 кг)
Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Еншімізде 1 алтын, 5 күміс, 5 қола бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСА АЛМАЙДЫ
БАТЫРХАН ТӨЛЕУҒАЛИ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫН ҰТТЫ