18.03.2023 | 13:14

Ұлттық құрамалар «Ақбұлақ» олимпиадалық базасында дайындыққа кірісті

Бүгін Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев Алматы облысындағы «Ақбұлақ» олимпиадалық базасына барып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Мұнда қазір еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы мен ауыр атлетикадан әйелдер құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Балуандарымыз сәуірде Астана қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындығын пысықтап жатыр. Бас бапкер Мадияр Құрамысов жиынға 40 спортшыны шақырыпты. Ал зілтемірші қыздарымыз мамыр айында Оңтүстік Кореяда өтетін құрлық чемпионатына дайындыққа кірісті. Қазір мұнда 12 спортшы жаттығып жатыр.

Азамат Имашев ұлттық құрама мүшелерінің жағдайымен танысып, бас бапкерлер, спортшылармен пікір алмасты. Жоспарларды талқылады, ұсыныстарды тыңдады және алдағы додаларда сәттілік тіледі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес