28.06.2022 | invalid

2-күн: Еркін күрестен ел чемпиондары белгілі болды

Қарағанды қаласындағы «Қарағанды-Арена» спорт кешенінде күрес түрлерінен ел чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін еркін күрестен қалған 5  (65 кг, 70 кг, 86 кг, 92 кг, 125 кг) салмақтың жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды. Осымен еркін күрестен барлық 10 салмақтағы бәсеке аяқталды. Нәтижелер:

65 кг:

Алтын – Әділ Оспанов (Қарағанды облысы)

Күміс –  Әуез Сейітбаев (Алматы қаласы)

Қола жүлдегерлер – Рифат Сайботалов (Павлодар облысы) пен Азамат Шагапұлы (Қызылорда облысы)

70 кг:

Алтын – Сырбаз Талғат (Атырау облысы)

Күміс – Ғалымжан Ибадулла (Қарағанды облысы)

Қола жүлдегерлер – Дархан Есенғали (Шымкент қаласы) пен Санжар Досжанов (Нұр-Сұлтан қаласы)

86 кг:

Алтын – Абылайхан Нұрсұлтанов (Ақтөбе облысы)

Күміс – Нұржан Исағалиев (БҚО)

Қола жүлдегерлер – Бекзат Жұманалы (Жамбыл облысы) пен Нұрдәулет Көктеубаев (Маңғыстау облысы)

92 кг:

Алтын – Нұрғали Нұрғайыпұлы (Нұр-Сұлтан қаласы)

Күміс – Әділет Давлумбаев (Алматы қаласы)

Қола жүлдегерлер – Әділет Қалтаев (Атырау) пен Әбдіманап Байгенжеев (Павлодар)

125 кг:

Алтын – Юсуп Батырмырзаев (Ақтөбе облысы)

Күміс – Олег Болтин (ШҚО)

Қола жүлдегерлер – Талғат Жиентаев (Қостанай облысы) пен Расул Хатаев (Павлодар облысы)

Еркін күрестен жалпыкомандалық есепте 105 ұпай жинаған Павлодар облысы жеңіске жетсе, Ақтөбе облысы екінші (104), Қарағанды облысы үшінші (101) орын алды.

Ертең әйелдер бозкілемде кім мықтыны анықтаса, қалған 2 күн грек-рим күресінің өкілдерінің еншісінде. Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады. Алғашқы құрам биыл 10-18 кыркүйек аралығында Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Ал екінші құрам Түркияның Конья қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастығы ойындарына аттанады.

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Ал көрермендер «Қарағанды-Аренаға» тегін кіріп, тамашалай алады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес