22.10.2023 | 23:46
Бөлісу:
Әбдусамат Аширов жауынгерлік өнер ойындарында үздік үштікті түйіндеді
Бүгін Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында у-шу шеберлерінің бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Спорттың бұл түрінен ел намысын қорғаған жалғыз отандасымыз Әбдусамат Аширов 56 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. У-шудың санда бағдарламасында бақ сынаған ол жартылай финалда Филиппин спортшысынан 1-2 есебімен жеңілді.
«Бұл менің ересектер арасындағы екінші жарысым. Мұнда әр салмақтағы үздік бестікке кіретіндер ғана келді. Маған әлі де физикалық дайындық жетіспей жатыр. Қытайдағы Азия ойындарында да осы Филиппин спортшысынан жеңілгенмін. Кеткен қателіктерді түзеп, келесі жарыста бұдан жоғары орыннан көрінгім келеді»,-деді Әбдусамат марапаттау рәсімінен кейінгі сұхбатында.
Әбдусамат бір ай бұрынғы Ханчжоудағы Азия ойындарында 5-орынға тұрақтады. Былтыр Индонезия астанасында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Ал Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына әлем рейтингінің нәтижесінде жолдама алған. Жеке бапкері - Мухидин Маюфи.
Айта кетейік, Ар-Риядқа у-шудың таолу және санда бағдарламасын қосқанда барлығы 56 мемлекеттен спортшы жиналды. Сауд Арабиясы астанасындағы кешенді жарыс 31 қазанда мәресіне жетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықУШУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БІЗДІҢ КОМАНДА 2 АЛТЫНҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Ұлттық құрама әлем чемпионатында 4 медальге ие болды
Аян Тұрсын ушу спортында жүлде жеңіп алды