07.05.2023 | 21:36

Әбиба Абужақынова Ассунта Скуттоға есе жіберді

Әбиба Абужақынова Қатардағы әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін болған белдесуде италиялық Ассунта Скуттомен күш сынасып, қарсыласының мықты екенін мойындады.

Қазақстандық дзюдошы былтыр күзде Ташкентте өткен әлем чемпионатында 48 кг дейінгі салмақта үздік үштікті түйіндеген.

Айта кетейік, Қатардағы әлем чемпионатының жеңімпазына рейтингте бірден 2 мың ұпай қосылса, күміс жүлдегер 1400, ал қос қола алған татами шебері 1000 ұпайға қол жеткізеді. Бұл ұпайлар Париж Олимпиадасына іріктеу кезінде есепке алынады. Жалпы Дохадағы бәсекеге 99 елден 657 дзюдошы жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес