16.02.2024 | 20:49
Бөлісу:
Әбиба Абужақынова Бакуда қола жүлдегер атанды
Дзюдодан Ұлттық құрама спортшысы Әбиба Абужақынова Әзірбайжан астанасы Бакуда өтіп жатқан Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 48 кг дейінгі салмақта жүлде жолында Бельгия атлеті Лойс Петиттен айласын асырды.
Бүгін Әбиба бәсекені екінші айналымнан бастаған. Алғашқы белдесуінде Маврикий спортшысы Моран Просилланы айқын басымдықпен тізе бүктірді. Алайда ширек финалда швециялық Тара Бабулфаттан 3 шидо алып, жеңілді. Сосын жұбаныш белдесуде жарыс қожайыны Лейла Алиеваны ваза-аримен жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Осы салмақта швециялық Тара Бафулфаз чемпион атанды. Ол финалда сербиялық Милица Николичті ұтты. Тағы бір қолаға Халмаджон Курбоноваға бұйырды.
Бұл Әбибаның биылғы әлемдік додаларда алған екінші жүлдесі. Қаңтарда ол Португалияда өткен Гран-при жарысында үшінші орынға тұрақтаған. Жалпы Абужақынова осымен Grand Slam бәсекесінде 5-қола медаліне қол жеткізді. Сондай-ақ Гран-при жарыстарында алған 1 алтын, 1 қола жүлдесі бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ