29.03.2024 | 17:22
Бөлісу:
Абиба Абужақынова қола медаль үшін күреседі
Абиба Абужақынова (-48 кг) Антальяда басталған Үлкен дулыға бәсекесінің қола жүлдесіне таласады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда 3 дүркін әлем чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының жеңімпазы Нацуми Цунодадан (Жапония) жеңіліп қалды. Екі спортшы былтыр Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының финалында күресіп, белдесу жапон өкілінің пайдасына шешілген.
Абиба күндізгі сессияда Ракиель Бритоны (Португалия), Кристина Дудинаны (Ресей) және ширек финалда Мария Селия Лабордені (АҚШ) ұтып, D тобында топ жарған.
Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Диана Буркеева алғашқы белдесуінде парагвайлық дзюдошыдан жеңіліп қалды. Айта кетейік, бұл салмақта 42 дзюдошы жүлдені сарапқа салып жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ