25.03.2023 | 21:09

Абылайхан Жұбаназар Үлкен Дулыға бəсекесінде алғашқы жүлдесіне қол жеткізді

Бүгін Абылайхан Жұбаназар (81 кг дейін) Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Үлкен Дулыға бəсекесінің күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда аустриялық дзюдошы Вахид Борчашвилиден голден-скорда жеңілді.

Абылайхан D тобында іріктеуде канадалық Мохаб ел-Нахасты, польшалық Павел Дзималды, Еуропа чемпионы атанған молдовалық Виктор Стерпуды ұтты. Ал жартылай финалда грузиялық Дмитрий Гочилаидзеден басым түсті.

Айта кетейік, кеше Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Əбиба Абужақынова (48 кг дейін) өз салмағында үздік үштікті түйіндеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес