25.09.2023 | 16:00

Абылайхан Жұбаназар өзбекстандық дзюдошыны ұтып, жүлдеге қол жеткізді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдошылар кезекті жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Абылайхан Жұбаназар (81 кг) қола үшін белдесуде өзбекстандық Мусо Собировтан басым түсті. Абылайхан іріктеуде Квок Винг Лиден (Гонконг), ширек финалда Аскерби Гербековтен айласын асырған. Алайда Тәжікстан палуаны Сомон Махмадбековке есе жіберіп, финалға шыға алмады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес