03.10.2023 | 08:58
Бөлісу:
Ағайынды Емельяновтар Азиадада күміс жүлдегер атанды
Санаулы сəттер бұрын Қазақстан ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каноэмен ескек есудің жұптық сайысында мәреге екінші келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ағайынды – Тимофей және Сергей Емельянов өзбекстандық ескекшілерге жол берді. Үздік үштікті Үндістан құрамасы түйіндеді.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен 9-шы күміс жүлде. Осыдан 5 жыл бұрын Индонезия астанасы Джакартада өткен жазғы Азиадада Тимофей және Сергей Емельянов 1000 метрге жарыста күміс жүлдеге ие болған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ